Балаларға қуаныш сыйлаған күн
Облыстық көркемсурет галереясында облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Д.Қонаев атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Әлемді кітап арқылы танимын» атты сиқырлы феерия думанды кеш өтті.
Іс-шара барысында ертегі әлеміне саяхат жасалып, кейіпкерлерімен бірге ойын ойнатылды. Әуезді әндер шырқалып, түрлі жанрда заманауи билер биленді. Нәтижесінде кішкентай балақайлар түрлі сыйлықтарға ие болып, ғажайып ертегілер арқылы кітапқа деген қызығушылықтары арта түсіп, естен кетпес әсер алды.
Кеште өнер көрсеткен мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың талантты өнерпаздарына, Диал би студиясы, «Шабыт» би орталығының және №8 гимназияның бишілеріне, Тараз қаласы әкімдігі жастар ресурстық орталығының мамандарына, «BIZ BIRGEMIZ» волонтерлік қозғалысына алғыс білдіріп, еңбектеріне толағай табыстар тілейміз.
Гүлзада Қырықбаева,
облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін
азаматтар кітапханасының әдіскері