«Халықпен бірге болады». Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге тағы барады
«Халықпен бірге болады». Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге тағы барады
«Негізі су тасқыны бойынша депутаттарымыз бірқатар өңірге барып, халықпен бірге болып, жұмыс істеп, көмегін көрсетіп келді. Менің ойымша, осындай жұмыс керек, осында отырып, әңгіме айту емес. Бүгін пленарлық отырыс біткеннен кейін тағы да біздің бір топ депутат су тасқыны болып жатқан өңірлерге шығады. Олар елмен бірге болады», - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында. Бұған дейін Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерде – Ақмола, Ақтөбе, Ұлытау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында болып, зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Айта кетейік, Қазақстанның бірқатар өңіріндегі – Ақтөбе, БҚО, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарындағы елді мекендерді су басты. Бес өңірде 1 405 жеке үй, 372 аула аумағы, 99 саяжай және 10 ғимарат су астында қалды.
фото: parlam.kz