Жамбыл жаңалықтары

Жолдың сапалы болуы – бәрінен маңызды

Жолдың сапалы болуы – бәрінен маңызды

  Жолдың сапасын жақсарту – бүгінгі күннің талабы. Өңірлік «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығының» мамандары жол желісі бойынша жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардан кейін асфальтбетон жабындысын қалпына келтіруде қолданылатын материалдардың сапасына жіті назар аударуда. Дәл осы бағытта жалпы құны 129,3 миллион теңгеге келісімшарт жасалып, ағымдағы жылдың 8 айында автожол жобаларының 80 пайызын қамтылды. Есепті кезеңде 112 инспекциялық тексеру жұмыстары жүзеге асырылды. Нәтижесінде, 492-ден астам жол-құрылыс материалдарынан сынамалары алынып, олардың 93-і немесе 20 пайызы белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып отыр. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мұндағы басты мәселе - асфальтбетон жабынының сапасыздығы. Бұл кейбір мердігерлердің әлі күнге дейін жолдың сапасына тым немқұрайлы қарайтындығын аңғартады.