ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 16 ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 16 ЕСІРТКІ ЗЕРТХАНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ
– Биыл 2 063 қылмыстық есірткі құқықбұзушылығы анықталды. Есірткі өткізудің 517 фактісі тоқтатылды. Әрбір үшінші факт интернет арқылы жасалады. Сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 149 фактісі анықталды, – деді спикер. Жыл басынан бері төрт ұйымдасқан қылмыстық топ жойылған. Оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топ бар. Ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін сегіз қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ 16 есірткі зертханасы анықталды. Оның сегізінде синтетикалық есірткі өндірілген. Есірткі өндірісіне қатысқан 15 адам ұсталып, олардан 128 келі есірткі мен 390 литр прекурсор тәркіленіпті. Тәркіленген синтетикалық препараттардың көлемі артып келеді. Егер 2018 жылы бір жылда жалпы 5 келі жаңа психоактивті зат тәркіленсе, былтыр бір тоннадан астам психоактивті зат тәркіленді. Ал биыл үш айда 225 келі синтетика тәркіленді. Жалпы тоқсан ішінде бір жарым тоннаға жуық түрлі есірткі заңсыз айналымнан алынды, оның ішінде 946 келісі марихуана, 237 келісі гашиш, – деген Шыңғыс Алекешев полиция интернет арқылы жасалатын есірткі дилерлігіне қарсы тұруға ерекше назар аударатынын жеткізді. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесінің көмегімен есірткі сайттары анықталып, оларды бұғаттау үшін мәліметтер Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберілуде. Үш айдың ішінде есірткінің таралуы туралы ақпараты бар мыңға жуық сайт анықталып, бұғатталған. Сондай-ақ есірткі тарататын интернет-дүкендерді анықтау үшін «Telegram»-бот құрылды. Оған 2 000-нан астам қызметкер қосылған. 52 ірі интернет-дүкен, сонымен қатар жалпы аудиториясы 75 мыңнан астам әлеуметтік желі қолданушыларынан тұратын 37 бот жойылды, – деп атап өтті Шыңғыс Алекешев.Спикер Ішкі істер министрлігі «OLX Group» өкілдігімен өзара іс-қимылды жолға қойғанын атап өтті. Соның арқасында курьерлік жұмыстың атын жамылып есірткі жасырушыларды жалдау бойынша жасалған 4 300-ден астам хабарландыру өшіріліпті.