Жаңалықтар

Пәкістандықтар пластмассаны пайдаға жаратпақ

Пәкістандықтар пластмассаны пайдаға жаратпақ

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Пәкістан Ислам Республикасының Лахор қаласындағы Құрметті консулы Рао Халид Махмудпен және «Green Earth Recycling» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Зафар Жаведпен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында пластмассаны қайта өңдеу, құс фабрикасын салу, өзара тиімді жобаларды іске асыру бойынша нақты ұсыныстар талқыланды. Аймақ басшысы аграрлық-индустриялық өңір саналатын облыстың оң көрсеткіштеріне қысқаша тоқталды. Екі елдің маңызды сауда серіктестігін ескере отырып, Халид Махмуд Пәкістан бизнесі Қазақстан өңірлерімен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізді. Оның айтуынша, Лахор қаласында «Қазақстан үйінің» ашылуы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және екі ел халықтарының жақындасуына оң әсер еткен. Кездесу соңында Ербол Қарашөкеев жергілікті атқарушы органдар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға және қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі