Қоғам

Қазақстандықтарға байлық салығы Forbes тізімі бойынша салынуы мүмкін

Қазақстандықтарға байлық салығы Forbes тізімі бойынша салынуы мүмкін

Байлық салығы ауқатты қазақстандықтарға Forbes тізімі бойынша салынуы ықтимал. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Halyq uni-не сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, биыл 1 қыркүйекте президент байлық салығын салу туралы тапсырма берген болатын.

Нақты айтқанда, жаңа салық тек қымбат мүліктерге салынады. «Мысалы, қымбат көліктер: Ferrari, Maserati және тағы басқа. Сондай-ақ зәулім үйлер. Ол бірнешеу болса, олардың құны бірнеше млн доллар болса, сол нысандарға салық салынады. Сонымен қатар яхталар, жеке ұшақтар. Байлық салығы осындай санаттағы жеке тұлғаларға салынады деп ойлаймын. Қазір жұмыс тобы құрылды. Онда әртүрлі пікірді ескеріп, ортақ шешімді қабылдаймыз. Әртүрлі ұсыныс түсіп жатыр», - деді министрдің орынбасары. Оның айтуынша, жұмыс тобының құрамында ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, энергетика және тағы басқа министрліктердің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қауымдастық өкілдері бар. Ержан Біржанов байлық салығы Forbes тізімі бойынша салынуы мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, байлық салығы 2024 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға салынады.