1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға «Отбасы банкімен» бірлесіп 300 миллиард теңге бөлінбек. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды. Бағдарламаның барлық шарттары 1 мамырда жарияланбақ. Жоспар бойынша бірінші кезекте 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтылады. – Менің ойымша, министрлік қызметкерлері мен «Отбасы банк» өкілдері бірлесіп қазақстандықтарға бағдарламаның шаттары туралы толық ақпарат беретін баспасөз-мәслихатын өткізеді. "Отбасы банк" бұрыннан бері жұмыс істейді әрі оның жұмысты дұрыс үйлестіруге құзыреті жетеді. Сондықтан, жаңа бағдарламада жеңілдетілген несиеге автокөлік алу бағдарламасы сияқты мәселе туындамайды, – дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.