ТАРАЗДЫҚТАР ТАЛ-ДАРАҚТЫ ҚАЙДАН ТАБАДЫ?
ТАРАЗДЫҚТАР ТАЛ-ДАРАҚТЫ ҚАЙДАН ТАБАДЫ?
Тұмса табиғаттың түр-түрін табуға болатын орталыққа біз де бассұқтық. Ішкі атмосферасымен таныстық. Бау-бақша орталығы 2004 жылы ашылған. О баста 6 түрлі раушан гүлін сатумен басталған кәсіп бүгінде үлкен орталыққа айналып үлгерген. Мұнда 100-ден аса раушан гүлінің сорты мен түрлі жеміс-жидек, қылқан жапырақты және сәндік ағаштар бар. – Ассортимент бізде өте үлкен, бөлме гүлдерінен бастап қылқан жапырақты ағаштарға дейін бар. Сондай-ақ біздің орталыққа қарасты Сарыағашта орналасқан питомник бар. Онда заманауи технологиялар мен экологиялық стандарттарға сәйкес өнімдер өсіріледі. Ассортименттегі өнімдердің көбі сол жерден әкелінеді. Ал қалған бөлігін Бельгия, Голландия, Түркия елдерінен алып келеміз. Өнімдердің бағалары сорттарға тікелей қатысты. Жақын арада мұнда кішігірім ботаникалық бау-бақша ашылады. Құрылысын бастап қойдық. Мұнда тек ағаштарды сатып алу үшін ғана емес, таза озонмен демалу үшін де келетін тұтынушыларымыз бар, – дейді орталықтың аға-сатушы Ойниса Раембаевна. Айта кетейік, қала әкімдігінің ресми мәліметі бойынша биыл шаһарға 40 мың түп жасыл желек отырғызу жоспарланған