«Жұмысты қиындатпаңыздар». Үкімет басшысы қазақстандықтарға өтініш айтты
«Жұмысты қиындатпаңыздар». Үкімет басшысы қазақстандықтарға өтініш айтты
Су басып жатқан өңірлерде тұрғындар үйлерін тастап кеткісі келмейді екен. Жұмысты қиындатпай, әкімдіктің талабына бағыныңыздар. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Эвакуациялау – бірінші кезекте Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керек. Олар сіздер үшін тер төгіп жатыр. Ал адамдарды құтқару оңай жұмыс емес», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында. Премьер-министр күштік құрылымдардың жұмысына жоғары баға берді.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен қазіргідей қиын жағдайда ел тұрғындарына көмек қолын созып жатқан құтқарушыларға, ұшқыштарға, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері мен Ұлттық ұланның қызметкерлеріне, медицина қызметкерлеріне және қатардағы еріктілерге алғыс айтқым келеді», - деді Үкімет басшысы.