Жаңалықтар

Су тасқыны: тұрақтандыру қорындағы азық-түлікке залал келді ме?

Су тасқыны: тұрақтандыру қорындағы азық-түлікке залал келді ме?

Табиғи апат тұрақтандыру қорларындағы азық-түлікке залал келтірмеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жедел кеңесте айтты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, су тасқынынан зардап шеккен 6 облыстағы тұрақтандыру қорларында 63 мың тоннадан асатын азық бар. Барлық өнім құрғақ жерде сақталған. Айта кету керек, төтенше жағдай болған аймақтарға басқа өңірлерден азық-түлік қоры қажет болған жағдайда 110 мың тонна жедел жөнелтілуі мүмкін екені айтылды.