Қоғам

Әлеуметтік желідегі қазақтілді конттентті дамыту маңызды - Аймағамбетов

Әлеуметтік желідегі қазақтілді конттентті дамыту маңызды - Аймағамбетов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Meta» компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Бұл компанияның құрамына Facebook, Instagram және What’s App мессенджері сияқты әлеуметтік желілер кіреді. Министр кездесу барысында осы әлеуметтік желілер кеңістігінде білім беру саласындағы ынтымақтастық және оны танымал ету мәселелерін талқылағанын жеткізді.

Бұған қоса ведомство басшысы Facebook платформасында мұғалімдер белсенді түрде өз пікірлерін білдіріп, түрлі проблемаларды көтеріп, жаңалықтармен бөлісіп отыратынын айтты.

Оның айтуынша, Джордж Чен әріптестерімен бірге қазақстандық мұғалімдер мен ата-аналардың әлеуметтік желілердегі белсенділігін атап өтіп, мұғалімдерге арнайы тренингтер өткізуді ұсынған. Бұл тренингтер мұғалімдерді балаларды оқытуда түрлі цифрлық ресурстарды белсенді пайдалануға үйретуге бағытталады. «Meta» өкілдерімен білім беру саласында ынтымақтасып, оны одан әрі дамытамыз деп ойлаймын», – деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.