Тұтынушы құқығы тапталмауы тиіс
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте облыстық cауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаев пен азаматтық құқықтарды қорғау комитетінің төрайымы Ирина Федорова баяндама жасады.
15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күніне орай ұйымдастырылған брифингте тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы пайдалы мәліметтер берілді. – Қазіргі цифрлық қызметтер көптеген пайдаланушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тауарлар мен қызметтердің кең ассортиментін ұсынады. Қызметтің негізгі міндеті – пайдаланушының сұранысына ең дәл жауапты қалыптастыру.
Э.Тілеубердіқызы