Заң

Аса ірі мөлшерде есірткі тәркіленді

Жамбылдық полицейлер есірткіні заңсыз өткізудің тағы бір дерегінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шу ауданында есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді. Күдікті 35 жастағы жергілікті тұрғын.

Тінту шаралары барысында кептірілген марихуана және гашиш есірткі заттары бар 15 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Жедел мәліметтер бойынша, күдікті жабайы қарасораны Астана қаласына сатуды жоспарлаған. Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаевтың сөзіне сүйенсек, құқық қорғау қызметкерлері біраз уақыт күдіктінің ізіне түскен.

– Барлығы 29 келі, 677 грамм кептірілген марихуана және 3 келі 76 грамм гашиш тәркіленді. Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны үшін ұсталған азаматтың мүлкі тәркіленіп, оған 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деді Ә.Бажықбаев. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық полиция департаментінің

баспасөз қызметі