Лудомания - қоғам дерті
Лудомания - қоғам дерті
Қазіргі таңда нашақорлық пен маскүнемдіктен кейін қоғамда дерт ретінде - лудомания танылған. Ол термин «ойынға ессіз құнығу» ретінде белгілі. 2018 жылы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен аталған ауру түрі: ойынға тәуелділік(компьютерлік, соның ішінде онлайн ойындарға) пен лудомания (патологиялық толқу-құмар ойындарға тәуелділік, спорттық ставкалар, казино және басқа да түрлері) диагнозымен енгізілген. Жаһандық дертке айналған мәселе оңай жолмен ақша тауып, қомақты қаражатқа кенелем деген ой мен іс-әрекеттен басталып, нәтижесінде адамды материалдық шығынға ұшыратып, аяғы қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін.Бүгінде елімізде өзекті мәселеге аса көңіл бөлініп, қоғамда қызу талқыланып, күресу жолдары қарастырылуда. Ойынқұмарлық дерті жасы пен дәрежесіне қарамастан, кез-келген адамды шырмап алуы мүмкін. Кеселдің алдын алу арқылы қоғамның әл-ауқатын жақсартып, әрбір отбасы мүшесін құмар ойынға тәуелділіктің жағымсыз салдарынан сақтауға болады.2023 жылдың 2 қарашадағы ҚР Президентінің Жарлығымен «ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне» өзгерістер енгізіліп, оған сәйкес мемлекеттік қызметшілер ойын мекемесіне барудан тартынуы қажет. Себебі лудомания олардың қызметтік міндеттерін адал орындауына, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне себеп болуы, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне нұқсан келтіруі мен мемлекеттік қызметтің имиджіне кері әсерін тигізуі мүмкін.Сондықтан барлық мемлекеттік қызметшілер Заңдармен белігеленген шектеулерді сақтауға, жауапкершілік пен әдептіліктің жоғары деңгейіне ие болуға, биліктің абыройы мен беделіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Аталған аурудың қауіптілігін ескере отырып және Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында, ҚР Сот Әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Г.Турдыевамен мемлекеттік қызметшілерге семинар сабақтары өткізіліп, лудоманиямен ауыратын адамдардың тағдыры туралы деректі фильмдер көрсетілді. Ойын тәуелділігінің негізгі белгілеріне, ауру түрлері мен салдарына назар аударылды.
Г.Турдыева
ҚР Сот әкімшілігінің
Жамбыл облысы бойынша департаменті
басшысының орынбасары –
әдеп жөніндегі уәкілі