Жаңалықтар

Елімізде мопед жүргізушілеріне талап күшеймек

Елімізде мопед жүргізушілеріне талап күшеймек

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда мопед жүргізушілеріне талап күшейетінін айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның айутынша, қазір түзетулердің екінші пакеті пысықталып жатыр.

Министрдің орынбасары әкімдерге де қосымша өкілеттілік берілетінін атап өтті. «Бұл түзетулер пакетінде тағы бір өте маңызды норма бар. Енді әкімдерде самокаттарға қатысты реттеу өкілеттігі болады. Яғни олар өздерінің қосымша ережелерін белгілей алады. Бұл тұрғыда аталған көлікпен қайда өтуге болатынын, олардың қозғалысына қай уақытта тыйым салу керек екенін белгілейді. Мысалы, жексенбі күні саябақтарда серуендеп жүрген адамдар көбейгенде, паркте самокаттардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін», - деді ол.