Инвесторларға қолайлы жағдай жасалады
Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков аймақта жұмыс істеп жатқан инвесторлармен кездесті. Басқосуға «Talas Investment Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Мерей Омаров, «AsiaChem» тыңайтқыш өңдеу зауыты директорының орынбасары Жасұлан Есжанов, «Alina Group» ЖШС Қаратау филиалының басшысы Марат Ташимов, «Жамбыл Недр» ЖШС өкілі Марат Омаров және «Karatau chemicals» ЖШС өкілі Нұрбол Мадемаров қатысты.
Та Басқосуда инвестиция тартуға мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер, кәсіпкерлікті дамыту бойынша көрсетілетін қолдау шаралары айтылды. Сонымен қатар, шешімін күткен мәселелер, ауданды өркендетуге қатысты ұсыныстар, жобалар талқыланды. Натрий ционидін өндіретін «Talas Investment Company» кәсіпорны 2014 жылы іске қосылған. Қазіргі уақытта қалыпты режимде жұмыс істеуде. 300 адам жұмыспен қамтылған.
Өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін жеткізу мақсатында натрий цианидін өндіретін зауыттың екінші кезеңінің құрылысы жүргізілуде. Ал «AsiaChem» фосфор тыңайтқышын өңдеу зауытында 230 адам еңбек етеді.Сонымен қатар, «Alina Group» ЖШС Қаратау филиалы мәрмәр шығаруда. Жалпы қуаттылығын 110 мың тоннадан 190 мың тоннаға жеткізу мақсатында жұмыстар атқарылуда
. Жоба жүзеге асса 25 адам жұмыспен қамтылмақ. «Karatau Chemicals» ЖШС пиросульфит өңдейді. Зауыт жылына 25 тонна пиросульфит натрий өндіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда 30-дан астам адам жұмыс істеуде. Сондай-ақ «Жамбыл Недр» ЖШС 2015 жылы құрылған.Зауытта 150 адам қызмет етуде. Қазіргі уақытта М400, М500 маркалы цемент өндіруде. Басқосуды қорытындылаған аудан әкімі жобалардың барлығы да аудан үшін аса маңызды екенін, соның негізінде жаңа жұмыс орындары ашылып, жалпы алғанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі жақсара түсетінін атап өтті.
«AR-AI»-ақпарат