ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРДЫ
Қазылар алқасының шешімімен университеттің «Ұлы дала самалы» коллекциясы I орынға ие болып, арнайы дипломмен марапатталды. «Ұлы дала самалы» және «Атамұра» костюмдерінің коллекциялары «Этникалық мотивтегі аксессуарлары бар дизайн және киім» номинациясы бойынша бақ сынады. Сонымен қатар байқау аясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Fashion-индустрия үшін мамандар даярлайтын университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту аясында «Сымбат» сән академиясының негізін қалаушы және жетекшісі, өнертану профессоры С.Асанованың ғылыми-зерттеу, шығармашылық және өндірістік қызметін насихаттауды мақсат еткен халықаралық конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сондай-ақ жастардың жаңа шығармашылық және креативті қасиеттерін дамыту және құндылық бағдары негіз болатын тарихи мұраттарды сақтау, озық идеяларды ілгерілету саласында өзіндік позицияларды қамтамасыз етіп, рухани дамыған тұлғаны қалыптастыру мақсатында өткен конференцияға қытсушылар тәжірибе алмасып, саладағы жаңалықтарды талқылады.
«AR-AI»-ақпарат