Жаңалықтар

Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады

Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады

Қазан айында Республика күніне байланысты қазақстандықтар 23-25 қазан күндері демалады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Бұл туралы құжат «Ашық» НҚА сайтына шықты.

Сонымен, қаулы жобасына сәйкес, қазақстандықтар қазанның 23-25 күндері демалады. Еске салсақ, осы айдың басында Республика күні күнтізбеге қызыл дата болып енгізілетіні айтылды. Ал 22 қыркүйекте Парламент Сенатының жалпы отырысында 25 қазанды Республика күні ұлттық мейрам ретінде белгілейтін заң қабылданған болатын.