Жамбыл облысында екі айдан бері іздестіріліп жатқан балықшының денесі табылды
Жамбыл облысында екі айдан бері іздестіріліп жатқан балықшының денесі табылды
Жамбыл облысында екі айдан бері іздестіріліп жатқан балықшының денесі табылды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Qazaqparat-қа сілтеме жасап.
Марқұмның мәйітін тұрғындар тауып алған. Қарабастау ауылының 37 жастағы тұрғынының денесін толқын айдап, жағаға шығарған. Қазір мәйітке сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Еске салайық, 11 қаңтар күні ауылдың екі азаматы ауды тексеру үшін айдынға түседі. Сол сәтте қатты жел басталып, қайықтары аударылып қалған.