Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. «Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Өзбекстанда Президент басқа елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді», — делінген ұсынылған хабарламада. Еске салайық, 7 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі жөнінде әңгімелескен болатын. Осыған дейін Самарқанд облысы ішкі істер департаменті 14-17 қыркүйекте ШЫҰ саммитінің өтуіне байланысты Өзбекстан тұрғындары мен қонақтарына Самарқанд қаласына сапарды кейінге шегеруді ұсынған еді.