25 қазан - Республика күні: Тоқаев заңға қол қойды
25 қазан - Республика күні: Тоқаев заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кинематография, мәдениет және мерекелер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Еске салайық, бұған дейін Сенат депутаттары түзетулер пакетін, оның ішінде 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы норманы қолдаған болатын.