Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды

Жамбыл облысында өрттен 48 бас мал қырылды, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Бүгін түнде Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенді. Өрт алаңы – 220 шаршы метр. Өрттің салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы мерт болды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы. Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде жалынды жойды. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 техника жұмыс істеді. ТЖМ тұрғындардан электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.