БИЛЬЯРДТАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА “ЖЕТІСУ КУБОГЫ” ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
БИЛЬЯРДТАН АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА “ЖЕТІСУ КУБОГЫ” ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Жарысқа Астананың "Ауыл Ұландары" мен "Тарлан" командалары, Шымкенттің "Тұран", Тараздың "Әулиеата" , Алматының "Корона", Қырғыз мемлекетінің "Манас" және " Алатоо", Талдықорғанның "Жетісу" командалары қатысты. Ардагерлер арасындағы сайыс өте тартысты өтті. Сол себепті, командалар дерлік жүлделі орындардан үміттенді. Дегенмен, екі күн бойы бар қарсыластарына дес бермеген Бішкектен келген "Манас" командасы "Жетісу Кубогын" жеңіп алды. Екінші орында Шымкенттің "Тұран" командасы. Үшінші орынға Астананың " Ауыл Ұландары командасы ие болды. Айта кетсек, жеңіске жеткен командалар арнайы ақшалай сыйлықпен және грамота, медальмен марапатталды. Алуа Оспанжан