Түзеу мекемесіндегі психология саласы мамандарымен өткен дөңгелек үстел
Түзеу мекемесіндегі психология саласы мамандарымен өткен дөңгелек үстел
Онда білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарынан психология саласындағы мамандарды, психологтар мен психиатр-дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Ұлттық Ұлан 5513 әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары Талғат Олжабаев, Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының суицидологы Калашникова Оксана, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар "Әлеуметтік психология" кафедрасының аға оқытушылары, психология магистрлері Абдрахманова Айгуль, Минасипова Айзат арнайы шақыртылды. Дөңгелек үстелде пікір-талас, слайдтар, сараптамалық ізденістер мазмұнындағы ұсыныстармен бөліскен мамандар жалпы психология саласына қатысты зерттеулерге де тоқталып өтті. Әрі қарай, психологтар қызметкерлер арасында ойын терапиясын жүргізді. Мекеме психологы әділет капитаны Аяулы Исакова келген қонақтарға бірлескен жұмыс үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да кездесулер, оқыту семинарлары ұйымдастырылатынын жеткізді.