Президент: Қыз алып қашу – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық
Президент: Қыз алып қашу – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқвев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында қыз алып қашуға қатысты өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
«Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.