Жамбыл жаңалықтары

Құрылысы аяқталған газ тарату стансасы неге іске қосылмай тұр?

Өткен жылы 11,8 миллиард теңгеге 36 елді мекенді газдандыру үшін құрылыс жұмыстары қолға алыныпты. Нәтижесінде былтыр 11 елді мекен табиғи газға қосылып, облыстың газбен қамту деңгейі адам санына шаққанда 91,1 пайызға жеткен. Қалған 25 елді мекендегі құрылыс жұмыстары биыл да жалғасуда. Жалпы облыста 371 елді мекен болса, онда 1 222 562 халық тұрады. Бүгінде 285 елді мекеннің 1 108,2 мың тұрғыны көгілдір отынның қызығын кө­ру­де. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, 2024 жылы 11 елді мекендегі 17 мың тұрғынды табиғи газбен қамту жоспарланып отыр. Осы арқылы облыс халқының 92,4 пайызы табиғи газбен қамтылмақ.

Жоба бойынша биыл құрылыс жұмыстарын бастау үшін салалық басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсына хабарлама енгізіледі.Қалған 2 кезең бойынша 8 миллиард теңгеге 6 елді мекенді газдандыру жоспарлануда.Яғни Назарбеков, Көкжелек,Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм,Қылышбай елді мекендерінің тұрғындары да пеш жағу машақатынан құтылады.Осы ауылдарды газдандыру барысында тартылатын газ құбыры ауданның қалған елді мекендерін табиғи газбен қамту көзі болып саналады.Бұдан бөлек Мойынқұмдағы Хантау,Құмөзек, Қарабөгет,Сарыөзек ауылдарын газбен жабдықтау сметалық құны 2018-2020 жылдардағы бағамен қарастырылуна және осы кезеңдегі жағдайда ішкі нарықтағы құрырылыс материалдарының едәуір қымбаттауына байланысты қайта түзету енгізілді.4 жобаны толық аяқтау үшін Үкіметтің резервінен қосымша 16,4 миллиард теңге қажет.Егер жобалар аяқталған жағдайда Сарысу және Шу аудандарындағы 32 елді мекендегі 56 мың түрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Бүгінде ҚР энергетика министрлігі тарапынан "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының екінші желісі бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға айтсақ, олардың 

Бұл жұмыстарға жалпы 3,12 миллиард теңге қаржы қаралған. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұнғатовтың айтуынша, өңірде газдандырылмаған 86 елді мекенге қайта талдау жүргізіліпті. Оның ішінде 25 елді мекенде газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатса, 15 елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінім жолданыпты. 13 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. 33 елді мекенде халық санының аз болуына (200 адамнан төмен) байланысты газдандыру ісі кейінгі жылдарға қалдырылған.

-Бүгінде облыс бойынша Мойынқұм ауданы ғана толық газдандырылмай отыр. Ауданды газдандыру үшін кешенді іс-шаралар жоспары дайындалған. Бұл ретте бастапқыда 13 елді мекенді газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бірінші кезеңде Айдарлы, Бірлік, Биназар ауылдарын газдандыру үшін ҚР Энергетика министрлігіне 2024 жылға республикалық бюджетке 18,5 миллиард теңгеге өтінім ұсынылып, құрылыс жұмыстарын бастауға 600 миллион теңге қарастырылды.

Облыста халықты газбен қамту ісі ырғақты жүргізіліп жатқанына дау жоқ. Алайда 2020 жылдары Меркі ауданының Андас батыр ауылы маңында «Нововоскресеновка» автоматты газ тарату стансасы салынып, пайдалануға берілгені есте. Магистральдік желіден берілетін газ қысымын қажетті деңгейге төмендетуге мүмкіндік беретін станса қазір босқа тұр. Станса уақытында алаулатып-жалаулатып ашылғанымен әлі күнге іске қосылмаған. Әу баста станса «ескі газ тарату стансасының болашақта аудан тұтынушыларын түгел газбен қамтуға әлеуеті жетпейді. Меркіліктер үшін жаңа станса жыл бойы таратушы желілерге тиісті қысымдағы газды үздіксіз жіберіп отыру үшін қажет» деп салынғанымен оның іске қосылмауын бұған дейін меркіліктер де, тіпті аудан әкімі де мәселе етіп көтерді. Ал стансаның іске қосылмауының себебі неде? Біз осыған назар аудардық. 

Былай қарасақ, бітіп тұрған іс. Соның жолын тауып, бюджеттен тиісті қаржы қарастырып, конкурс арқылы құбырдың жоғары қысымға төзімділігін сынақтан өткізіп, нысанды ел игілігіне беруге не кедергі? Біз осы сұрақпен облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Маулен Қожақовқа хабарластық.

Нұрым Сырғабаев