Жаңалықтар

«АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ»

«АНА – ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ»

Іс-шарада балалар әуелете ән шырқап, мың бұрала би билеп, бар өнерлерін ортаға салды. Ал аналар арасында «Пантомима» және «Суретті құрастыр» сынды әртүрлі ойындар ойнатылды. Ертеңгілікте орталықтың мамандары көктем ханшайымы, кәмпит ханшайымы және сайқымазақ кейіпкерлеріне айналып, балалармен бірге мерекелік әндер шырқап, би билеп, көңілді көріністер көрсетті. Әсіресе музыка мұғалімі мен қызмет алушы Айдостың орындауындағы ана туралы әсем ән көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш соңында балалар өздері дайындаған сыйлықтарын аналарына табыс етті. Аналар да ізгі тілектерін айтып, орталық қызметкерлерін мерекемен құттықтап, алғыстарын білдірді. «AR-AI»-ақпарат