Министрлік қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы туралы мәлімдеме жасады
Министрлік қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуы туралы мәлімдеме жасады
Жалпы, Robo.finance платформасында жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдары тұтынушыларының 36 млн-нан астам (РФ – 23,6 млн (zaimer.ru – 16.8 млн, adengi.ru – 6.8 млн); Филиппин – 5 млн (digido.ph); Вьетнам – 2 млн (vietloan.vn) деректері анықталды. Осылайша, жеке деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне сүйене отырып, ЦДИАӨМ EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы азаматтарды хабардар етіп, ақпараттың шығуының жағымсыз салдарын барынша азайту мақсатында ұсыныстар жіберді.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 79-бабына және 641-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.