ӨНЕРКӘСІПТЕ ҚАУІПСІЗДІК ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
ӨНЕРКӘСІПТЕ ҚАУІПСІЗДІК ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС
Өндірістік бақылау – қауіпті объектілерде өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғалары жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңының 40-бабы бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізу, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талдау және әзірлеу, жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін мән-жайлар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау, қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру жатады. Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру «Қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 маусымдағы №315 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік бақылауды ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғалары қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғаларына жүктелетін өкілеттіктер тізбесі аталған бұйрықтың 2-тарауында қамтылған. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру бекітілген кесте негізінде жүзеге асырылады. Егер қауіпті өндірістік объектіде жазатайым оқиға болған жағдайда ұйым басшысының өкімі бойынша кезектен тыс тексерулер ұйымдастырылады. Жылына бір рет ұйымға кешенді тексеру жүргізіледі. Әрбір кешенді тексеруге бағдарлама әзірленіп, бекітіледі. Әрбір бөлімшені кешенді тексеру нәтижелері бойынша бұйрық шығарылады. Бұйрық бөлімшедегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін бағалауды, анықталған бұзушылықтарды жоюға жауапты тұлғаның анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды және анықталған бұзушылықтарды жою мерзімін қамтуы тиіс. Тексерулердің барлық нәтижелері өндірістік бақылау журналына енгізіледі. Ай сайын өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғасы ескертулердің жойылуына бақылау жүргізеді. Оның нәтижелерін ұйым басшысына ұсынады. Жойылған бұзушылықтар келесі тексерулер кезінде қайта бақылауға жатады. Өндірістік бақылауды жүргізу қорытындылары бойынша өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғасы тексерілген бөлімшенің басшысына – акт, ал бұзушылықтар анықталған жағдайда нұсқама береді. Нұсқамада өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасай отырып, анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ бөлімше басшысымен келісілген жою мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын талдау, технологиялық процеске қауіпсіздік талаптарының бұзылу себептерін зерделеу, өнеркәсіптік жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді қамтиды. Өндірістік бақылау жүргізу қорытындысымен ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын жояды. Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдаушы әсеріне әкеп соғуы мүмкін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұрады. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша уақытылы даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген адамдарды жұмыстан шеттетеді. Қауіпті өндірістік объектілерде өндірістік бақылау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өндіріс орындарының оқыс оқиға, авария және жазатайым оқиғаларсыз жұмыс істеуіне септігін тигізіп қана қоймай, экономиканың дамуына да оң әсер ететін болады. Малика АЙДАРОВА, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы