Енді ректорлар ұзақ мерзімге тағайындалмайды – министр
Енді ректорлар ұзақ мерзімге тағайындалмайды – министр
Мәжілістің жалпы отырысынан соң министрге «Ерлан Сыдықов Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры болғанына биыл 13 толады. Бұл тым ұзақ емес пе?» деген сұрақ қойылды. Саясат Нұрбек енді университет ректорлары қызметінде ұзақ отырмайтынын жеткізді.
Оның айтуынша, республикалық комиссияның отырысында ректорлардың қызметін екі мерзімнен артық ұзартпау ұсынысы қаралады. «Соңғы 10 жылда министрлік арнайы академиялық автономия принциптеріне көшіп жатыр. Бұрынғыдай министрдің тікелей ректорды тағайындап, оны үстінен бақылап отыруы принциптерінен бас тарттық. Бүгінде шетелдік форматқа көшіп жатырмыз. Енді ректорлармен директорлар кеңесі немесе қамқоршы кеңесі арқылы жұмыс істейміз», - деді Саясат Нұрбек