Мобильді аударымдар қалай тексеріледі – Қаржы министрлігі түсіндірді
Мобильді аударымдар қалай тексеріледі – Қаржы министрлігі түсіндірді
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді төлемнің қалай тексерілетінін түсіндірді, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан министрдің орынбасарына «Заңды түрде тіркелген жеке кәсіпкерге ай сайын мобильді аударым арқылы 100 рет ақша жіберілсе және бір аударымның сомасы 255 мың теңге болса, онда оның мобильді аударымы тексеріле ме?» деген сұрақ қойылды. Ержан Біржанов мобильді аударымдар қандай жағдайда тексерілетінін түсіндірді.
Сондай-ақ ол мобильді аударым қандай жағдайда тексерілмейтініне де тоқталды. «Мысалы, қаңтарда оған мобильді аударым арқылы ақша түссе, ақпанда қаржы түспесе, ол бақылауға алынбайды. Егер 3 ай қатарынан әртүрлі 100 адамнан (мобильді аударым арқылы) 100 рет ақша аударылса, біз оны тексереміз», - деді Ержан Біржанов.