Жаңалықтар

Депутат SIM-карта сатуға шектеу қоюды ұсынды

Депутат SIM-карта сатуға шектеу қоюды ұсынды

Қазақстанда SIM-карта сатуға шектеу қою керек. Бұл туралы депутат Жарқынбек Амантай айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның пікірінше, бұл интернет алаяқтықпен күресуге септігін тигізуі мүмкін.

ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов шектеу енгізілмейтінін атап өтті. «Біз SIM-карта санын шектеуді емес, оны сәйкестендіруді (активизация) ұсынып отырмыз. Себебі шектеу енгізілсе, оны біреуге қайта сататын адамдар пайда болуы мүмкін. Бізде адамдардың «іскер» екенін білесіздер. Сондықтан мемлекет тарапынан қажетсіз шектеу туғызбас үшін біз адам санын анықтап, содан кейін ғана SIM активация жасауды ұсынамын. Қазір мұндай ұсыныс қарастырылып жатыр», - деді басшы.