Қоғам

Әкім болса, Дархандай болсын!

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді дана халқымыз. Айналамызда қолынан келсе көмектесіп, жабыққанның жанына жалау болуға асығып тұратын азаматтар аз емес. Сондай адамдардың бірі – Қаратау қаласы әкімі Дархан Байымбетов дер едім.

Зейнеткер әрі жалғысбасты ана болғаннан кейін көп жағдайда көмекке мұқтаж болып жататынымыз рас. Бір зейнетақыға қарап отырғандықтан тұрмысқа қолбайлау болып отырған мәселелерді де шешіп тастау оңай емес. Мысалы пәтеріме көгілдір отын кіргізіп, жөндеу жұмыстарын жүргізсем деп жоспарлап жүргеніме бірнеше жылдың жүзі болды. Дегенмен реті келмей-ақ қойды. Әрине жөнделмесе де пәтерде тұра беруге болады ғой. Бірақ газсыз өте қиын. 

Бір реті келгенде Дархан Тобашұлына арқама аяздай батып жүрген мәселені қысыла-қысыла айттым. Өтінішім аясыз қалмаса екен деп ойлап жүргенмін. Бір күні жұмысшылар сау етіп кіріп келгенде қуанышым қойныма сыймай кетті. Сонымен не керек, пәтерім орталық табиғи газ жүйесіне қосылды. Жөндеу жұмыстары да жүргізілді.

Алғыс айту күнінде Дархан Тобашұлына риясыз ризашылығымды  айта отырып, халықтың алғысын арқалап, абырой биігінде жүре беріңіз дегім келеді. 

Нұргүл КЕРІМБАЕВА,
зейнеткер,
жалғызбасты ана,
Талас ауданы,
Қаратау қаласы