Жамбыл жаңалықтары

37 035 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Сейсенбі күні «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті. Жиында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар баяндама жасап, жастардың мемлекеттік бағдарламалармен қамтылуы туралы баяндады. Сондай-ақ басқарма басшысы NEET санатындағы жастардың үлесін азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жастарды толғандыратын ең өзекті мәселе – баспана. Бұл ретте өңірімізде «Әулиеата жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, 2022 жылы бағдарламаға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 500 миллион теңге бөлініп, 41 жас баспана бақытына ие болған. Ал өткен жылы 2 миллиард теңге қаражат бөлініп 144 жас баспаналы болса, биыл 170 жасты баспанамен қамту жоспарланып отыр екен. 

Айжан ӨЗБЕКОВА