Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады
Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады.
«Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе, қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді. Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды.
Баршаңызға бақ-береке және мол игілік тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» – деп жазды Мемлекет басшысы.