Уақыт белдеуі ауысады: Енді тәулікте 23 сағат болады ма?
Уақыт белдеуі ауысады: Енді тәулікте 23 сағат болады ма?
– Дәулет мырза, қайырлы түн! Айыпқа бұйырмаңызшы, бір сұрақ маза бермей тұр. 1 наурыз сағат ауысады. Минус 1 сағат дегенді оқып қалдым. Сонда 23 сағат болғалы жатыр ма, 1 сағат қайда кетті?, – деген сұрақ жолдаған. Блогер бұл сұраққа "сағат тілі автоматты түрде ауысады. 24 сағат 24 сағат болып қала береді" деп жауап қайырды. Айта кетейік, Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. 19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекітті. Осылайша 1 наурыз сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытуға тиіс.