Білім

Жаңартылған білім беру - уақыт талабы

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін дамыту тұжырымдамасы оны кәсіби деңгейге көшіру стратегиясын, мұғалімдердің үздіксіз кәсіби өсуі, құзыреттілігі мен бәсекеге қабілеттілігі жүйесіндегі жаңа интеграциялық сапаны айқындайтын идеялар кешені мен іс-шаралар тізбесін қамтиды. Нәтижеге бағдарланған орта білім берудің жаңа жүйесіне байланысты педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырудың мақсаттары, мазмұны және технологиялары мәселесі жаңартылды.

 Біліктілікті арттыру түсінігін «жаңа мамандық пен біліктілік алмай-ақ, кәсібилік пен құзыреттілікті арттыру, жаңа функционалдық міндеттерді меңгеру мақсатында қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту» деп анықтауға болады. Педагогтар үшін біліктілікті арттыру – бұл бұрыннан қалыптасқан кәсіби қызметті қайта құрылымдау, өз тәжірибесін басқа нақты адамдардың тәжірибесімен немесе жалпылама әлеуметтік тәжірибемен біріктіру. Осындай тақырыпта Шу ауданының білім бөліміне қарасты өнер мектебінде «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қосымша білім беру педагогтарының кәсіби шеберліктерін дамыту» тақырыбында аудандық семинар-практикум өтті.

Сонымен қатар шеберлік сыныбы, Жамбыл Жабаевқа арналған ашық сабақ, «Натюрморт жанрының түрлері» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Семинар-практикумға аудандық білім мекемелерінен барлығы 20 мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Жиын соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Жұмахан ЧЕКАЕВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі, Шу ауданы