Білім

«Толық адам ілімі» залы ашылды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Толық адам ілімі» залы ашылып, «Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері: жаңаша көзқарас пен парадигмалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 Университеттің филология және гуманитарлық ғылымдар факультетінің, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары, алыс-жақын шетелдік ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, жас ғалымдар және мектеп мұғалімдері қатысты.

Халықаралық конференцияға еліміздің жоғары оқу орындарымен қатар, Түркия елінен де ғалымдар онлайн қатысты. Сонымен қатар мектеп ұстаздары да түрлі тақырыпта онлайн, офлайн форматта баяндама жасады. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Тіл және әдебиет», «Білім беру әдістері мен технологиялары», «Тарих және география», «Мәдениет» секциялары бойынша пленарлық отырыспен жалғасын тапты.

Айжан Өзбекова