Брифинг

Ақбұлымның ажары артып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылдық округінің әкімі Ердос Бейсенов баспасөз мәслихатын өткізді. Брифингте округ әкімі елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

 Ақбұлым ауылдық округінде 4 065 халық тұрады. Ердос Елібайұлының айтуынша, мемлекеттік қолдаудың арқасында жыл санап ауылдың ажары ашылып, көркі кіріп, халықтың өмір сүру сапасы жақсарып келеді. – Әр салаға жеке-жеке тоқталсам, 889 оқушы мектепте, мектепке дейінгі мекемелерде 216 бала тәрбиеленуде. Балабақшаға кезек жоқ. Ал денсаулық сақтау саласында 2018 жылы пайдалануға берілген 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетуде. Сонымен қатар бүгінгі таңда 140 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.

Бұдан бөлек спикер 8 спорт нысаны бар екенін, қазіргі таңда ауылдық окургте спортпен шұғылданушылар қатары 30,1 пайызды құрағанын атап өтті. Сонымен қатар округ әкімі ауылшаруашылық саласында атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.

Бинура Жақыпбай, 11-сынып оқушысы,

Тараз қаласы