Тұрғындардың талап-тілегі назарға алынды
Тұрғындардың талап-тілегі назарға алынды
Атап айтқанда, Тараз қаласының тұрғыны Сейділлә Пірімқұлов шаһар көшелерінің біріне және білім ұясына Ту авторы Шәкен Ниязбековтің атын беруді ұсынды. Тағы бір тұрғын Жеңісбай Жансақалов кәсіпкерлік жүргізу үшін жер телімін алуға ықпал етуді сұрады. Ербол Қарашөкеев бұл мәселе жөнінде жауаптыларға нақты міндеттер жүктеп, қолдау бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар жайылымдық жер, көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу, баспана алу, жұмысқа орналасу сынды мәселелерді көтерді. Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтінішті жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.і.