Жаңалықтар

Жамбыл облысында құны 10 млн теңге болатын үнді марихуанасы тәркіленді

Жамбыл облысында құны 10 млн теңге болатын үнді марихуанасы тәркіленді

«Тосқауыл» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Тараздың 50 жастағы тұрғыны есірткі заттарын сақтап келгені үшін қамауға алынды, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Яго есімді қызметтік ит тұрғылықты жерін тінту кезінде сарай мен бақшада жасырылған есірткіні табуға көмектесті. Күдікті тыйым салынған заттарды канистрлерде сақтаған. Жалпы салмағы 4 келі 604 грамм кептірілген үнді марихуанасы тәркіленді.