Заң

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту»

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі №329-Ө бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларына» (жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.04.2020 жылғы №153 бұйрығымен бекітілген) және 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметті түрін алу үшін қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (әрі қарай – қызметті беруші) келесі құжаттармен қоса өтініш білдіреді: 1) өмірбаян (еркін нысанда); 2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен (туу туралы куәлік, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі); Өтініш берушілер қандас мәртебесін ұзартқан кезде Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында өтінішті және бұрын берілген оралман мәртебесінің көшірмесін береді. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянды қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады. Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Құжаттарды қараудың және қандас мәртебесін берудің жалпы мерзімі төрт жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Этникалық қазақтың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) болған жағдайда құжаттарды қарау және қандас мәртебесін беру жалпы мерзімі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. 2022 жылдың 1-мамырынан бастап «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрін алу үшін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беру функциясы іске қосылды. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-тармағына сәйкес қандас мәртебесі жергілікті атқарушы органның шешімімен 1 рет алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады. Бұл іс-шара этникалық қазақтарға жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға мүмкіндік береді. 2022 жылдың 1 шілдесіне 350 отбасыдан тұратын 474 адамға қандас мәртебесі берілді. Келген республикалары бойынша келесідей: Өзбекстан Республикасы – 281 отбасы / 398 адам, Қырғызстан Республикасы - 43 отбасы/ 48 адам, Ресей Федерациясы – 7 отбасы/ 9 адам, Тәжікстан Республикасы – 6 отбасы/ 6 адам, Түркменстан Республикасы – 9 отбасы/ 9 адам, Қытай Халық Республикасы – 1 отбасы/ 1 адам, Ауған Ислам Республикасы – 1 отбасы/ 1 адам, Түркия Республикасы – 2 отбасы/ 2 адам. Қала/аудан бөлігінде келесідей: Тараз қаласы – 85 отбасы / 114 адам, Байзақ ауданы – 94 отбасы / 114 адам, Жамбыл ауданы – 14 отбасы / 28 адам, Жуалы ауданы – 20 отбасы / 30 адам, Қордай ауданы – 72 отбасы / 99 адам, Т. Рысқұлов ауданы – 16 отбасы / 20 адам, Меркі ауданы – 34 отбасы/ 43 адам, Талас ауданы – 13 отбасы / 24 адам, Шу ауданы – 2 отбасы/ 2 адам. Сонымен қатар 60 отбасыдан тұратын 91 адамға қандас мәртебесі 6 айға дейінгі мерзімге ұзартылды.

Ш.ТОЙБЕКОВ, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы