Жаңалықтар

Қарт майдангерді мерейтойымен құттықтады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев соғыс ардагері, Т.Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Шалданбай Шанбаевты 100 жасымен құттықтады.

 Аймақ басшысы ғасыр жасаған қарияға ізгі лебізін арнап, жеңісті жақындатуға қосқан үлесін, ұзақ жылдар бойы атқарған елеулі еңбегін, өнегелі өмірін атап өтіп, алғысын жеткізді.

1942 жылы әскерге шақырылған майдангер соғыстың соңына дейін ішкі істер әскерлерінің 227-полкі құрамында болып, соғыс біткен соң да әскер қатарында қалған.

Ол 1949 жылы елге оралып, трактор бригадасының бригадирі, санақшы ретінде еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін «Жаңатұрмыс» колхозында есепші, бас есепшінің көмекшісі болған. «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен және «Маршал Жуков» және басқа да бірқатар мерекелік медальмен марапатталған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі