Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған
Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған
Мәселен 2024 жылдың 22 ақпанында сағат 13:20 шамасында жедел ақпарат бойынша 58 мекемесінің қызметкерлері сотталғандарға азық-түлік өнімдерін беруді тексеру кезінде азамат К-дан тыйым салынған заттарды тауып алған. Атап айтқанда шелектегі «3 желания» майонезінен 2 (екі) дана көлемінде зарядтағыш түріндегі ұялы телефондарға арналған керек-жарақтар табылып, тәркіленді, нанның (қала нан) ішінен 1 дана ұялы телефон табылды. (бір) Бренд бірлігі: «SAMSUNG» (сенсорлық, жұмыс істейтін, IMEI коды анықталмаған). Дайын өнімнің (қуырдақ) ішінен «OРРO», «РOСO» маркалы 2 (екі) бірлік көлемінде ұялы телефондар табылып, тәркіленді. (сенсорлы, жұмыс істейтін, IMET коды анықталмаған). Сондай-ақ пирогтың (дайын өнім) ішінен 2 (екі) маркалы ұялы телефондар: «OРРO», «РОСО» (сенсорлық, жұмыс істейтін, IMET коды анықталмаған) табылып, алынды. Бұған қоса кивидің ішінен «АЛТЕЛ» ұялы байланысының SIM карталары -3 дана, «Актив» -7 дана табылып, тәркіленді. Азамат тыйым салынған заттарды сотталған А. Оразалинге бермек болған. Нәтижесінде ұсталған К есімді азаматқа Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы қылмыстық кодекстің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, барлық құжаттар сотқа жіберілді