ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
Жиналғандар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, ерлікпен опат болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Осынау күнді және қаруластарын еске алуға келген Ауған соғысы ардагерлерінің бірі – Мұрат Байтенов. Ол соғысқа 18 жасында аттанған екен. – Оқу-жаттығуға бара жатырмыз деп ойлаған біз соғыс алаңынан бір-ақ шықтық. Әйтеуір, қанқұйлы соғыстан аман-есен елге оралдық. Бірақ ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Енді соғыс болмасын! Еліміз аман болсын! Жастарымызға патриоттық тәрбие беруге атсалысамыз. Бүгін біз Ауған соғысында опат болған жауынгерлеріміз бен ардагерлеріміздің ерлігін еске алуға жиналып тұрмыз. Сол бір қатігез соғыстың аяқталғанына биыл 35 жыл толып отыр. Бұл – біздің тарихымыздағы елеулі оқиғалардың бірі. Қаншама жауынгер бүгінде ортамызда жоқ. Алайда олардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды, – деді М.Байтенов. Шара соңында Ауған соғысы ардагерлері бір-бірімен қауышып, естеліктерін айтып, фотоға түсті.
Айжан ӨЗБЕКОВА