Аймақ басшысы аудандарды аралады
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ және Жамбыл аудандарындағы бірқатар нысанның құрылыс барысымен танысты.
Аймақ басшысы алдымен Байзақ ауданының Сарыкемер ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысын көрді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтеріп жатқан нысанның құрылысын мердігер «Тараз Құрылыс Дизайн» ЖШС жүргізуде.
Аймақ басшысы жауаптыларға құрылыс жұмыстарының сапасын, мерзімін және қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстау бойынша нақты міндеттер жүктеді. Жалпы осы жылы 206 жоба бойынша құрылыс жұмыстары жүзеге асады, оның 159-ы биыл жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Айта кетейік, облыс әкімінің жергілікті жердегі мәселелермен, құрылыс алаңдарындағы жағдайлармен танысу мақсатындағы аудандарға жұмыс сапары әр апта сайын жалғасатын болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі