Жаңалықтар

Қоғамдық кеңестің жұмысы жемісті

Қоғамдық кеңестің жұмысы жемісті

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті аппарат кеңесінде облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, өткен жылы кеңес мүшелері атқарған жұмыстармен танысты. Аймақ басшысының қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен алғашқы кездесуі болғандықтан кеңес төрағасы Марат Абдраимов облыс әкімін кеңес мүшелерімен таныстырып өтті. Мұнан соң өткен жылы қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндап шықты. – Облыстық қоғамдық кеңестің 3-құрамы 31 адамды құрайды. ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңында қоғамдық бақылаудың 4 нысаны айқындалған. Атап айтқанда, қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама, қоғамдық тыңдау, есепті тыңдау. Заңның 23-бабына сәйкес, бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау жүргізіледі. Былтыр кеңесте 48 отырыс, 30 қоғамдық тыңдау, 28 есепті тыңдау және 15 қоғамдық мониторинг өткізілді. Нақтылап өтсек, денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізілетін мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, балық өсіру шаруашылығы өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асылтұқымды балық өсіруді дамытуға бөлінген субсидиялар негіздемелеріне мониторинг жүргізілді. Сондай-ақ топ мүшелерімен мониторинг Шу, Талас, Аса өзендері алқаптарының су ресурстарын ауылшаруашылық саласында пайдалану проблемаларын зерделеу, құрылыс нысандарының бекітілген талаптарға және нормативтерге сай жүргізілуі, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша қысқа дайындығы, денешынықтыру және спорт басқармасы қызметінің сапасы бойынша жүргізілді. Нормативтік-құқықтық актілердің 70 жобасы қаралып, 95 пайызы келісілді. Жамбыл, Т.Рысқұлов, Қордай аудандарында балық өсіру шаруашылықтарына бөлінген субсидияларға адресті жүргізілген мониторинг барысында анықталған проблемалар негізінде дайындалған ұсынымдар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жолданды. Кеңестің мониторингтік топтары Тараз қаласы, Жамбыл, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Шу, Қордай, Жуалы, Байзақ, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында қоғамдық қабылдау жүргізіп, азаматтардың жергілікті сипаттағы өзекті мәселелері бойынша өтініш, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тұрғындардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі және сапасы туралы көтерген сұрақтарын шешу жолдарын қарастыру жөнінде қоғамдық кеңестің отырысында берілген