Алаяқтар Ұлттық қорға да «ауыз салып» жатыр
Алаяқтар Ұлттық қорға да «ауыз салып» жатыр
Әлеуметтік желіде ҚР Ұлттық қорының атынан төлемақы төленеді деген хабар тарады. Алайды бұл фейк-жаңалық, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Ұлттық қордың атын жамылған Nationation Fond деп аталатын аккаутта мынадай жазба қалдырған.
Алаяқтар компенсацияларды алу үшін Ұлттық қордың сайтына өтуге және өтемақы сомасын тексеру үшін ЖСН/ИИН нөмірді теруге шақырады. Сілтемені өткен адам фишингтік сайтқа тап болады. Айта кету керек, Ұлттық қордың ресми сайты жоқ. Алаяқтар фишингтік сайтта тек жеке деректерді ұрлайды.