Жаңалықтар

Енді Қазақстанға келген туристер такси бағасын бірден біле алады

Енді Қазақстанға келген туристер такси бағасын бірден біле алады

Қазақстанға келген шетелдік туристер үшін QR-кодтар орнатылады. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

– Қытаймен визасыз режим енгізілгені белгілі. Осыған байланысты ҚХР-мен арадағы шекаралық өткелдерде туристік топтар үшін «жасыл дәліз» құру маңызды саналады. Шетелдік туристерге ыңғайлы болу үшін шекарада QR-кодтар орнатылады. Осылайша, олар гид, такси бағасы туралы ақпаратты біле алады, - деді Ермек Маржықбаев министрліктің алқа мәжілісінде. Сондай-ақ министр гидтердің қызметін цифрландыру бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті. – Нәтижесінде білікті гидтер мен экскурсоводтардың бірыңғай ақпараттық базасы құрылып, оларға бейдж беріледі. Бейдж ұлтық парктердегі музейге тегін кіруге, туристік топтармен басқа да жерлерге баруға мүмкіндік береді, - деді ведомство басшысы.