Әлеумет

Жамбылдық жас өрендер жүлделі оралды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ақмола облысының Щучье қаласында орналасқан «Щучинский» шипажайының базасында ХІХ «Зерде» республикалық 2-7-сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары конкурсы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ұйымдастырылды.

Бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және қолдау танытуды мақсат еткен байқауға өңірімізден 17 жас зерттеуші қатысып, білім сайысына түсті. Нәтижесінде 10 оқушы жеңімпаз атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІ дәрежелі дипломын 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын 8 оқушы иеленіп, жеңімпаз атанды.

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы Болат Әбілмансұр мен Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылдық орта мектебінің 4-сынып оқушысы Нұржан Нұртас ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Ал дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 7-сынып оқушысы Бекнұр Тұрарбек пен Жібек Бердібек, Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 3-сынып оқушысы Айбике Жамбылқызы, Жамбыл ауданындағы Амангелді орта мектебінің 6-сынып оқушысы Қасымхан Жаңабай, Қордай ауданындағы О.Бөкей атындағы негізгі мектептің 4-сынып оқушысы Аяла Маясарова, Мойынқұм ауданындағы Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы Нұрмұқасан Кәрібай, Қордай ауданындағы №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы Бақдәулет Серік, Талас ауданындағы Д.Қонаев атындағы орта мектептің 2-сынып оқушысы Айым Әбдіхалық ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Айжан Өзбекова